«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Константин Лежнев «Қайрат» ФК-дан кетеді
Клуб жаңалықтары

Константин Лежнев «Қайрат» ФК-дан кетеді

28 февраля 2025
/ 22:58
«Қайрат» футбол клубының жетекшілігінде кадрлық өзгерістер болды. Константин Александрович Лежнев спорт директоры қызметінен кетеді.
Бұл қызметті 2019 жылдан бері атқарып келген. Оның кезінде негізгі команда екі рет Қазақстан чемпионы атанып, ел Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды. Сондай-ақ УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетті. 2016 жылдан 2019 жылға дейін Лежнев «Қайрат» ФК Академиясының бас менеджері болды.
Клубтың жаңа спорт директоры болып бұған дейін бас скаут қызметін атқарған Арман Шынтасұлы Биркурманов тағайындалды. Ойыншы ретінде 1999–2001 және 2007–2009 жылдары «Қайрат» сапында ойнаған. Ол клуб құрылымында тоғыз маусым жұмыс істеп келе жатыр.
«Қайрат» футбол клубы Константин Александровичке атқарған жұмысы үшін шынайы алғыс айтып, кәсіби қызметінде одан әрі табыс тілейді. Арман Шынтасұлына да жаңа қызметінде сәттілік пен табыс тілейміз.
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»