«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Конрад Вржещиньский жасөспірім футболшыларға кеңес берді
Академия жаңалықтары

Конрад Вржещиньский жасөспірім футболшыларға кеңес берді

10 февраля 2019
/ 00:00

Алматылық «Қайраттың» польшалық ойыншысы Конрад Вржещиньский Т. С. Сегізбаев атындағы «Қайрат» ФК Академиясының шәкірттерімен өткен кездесуден алған әсерімен бөлісті.

- «Қайраттың» оқу-жаттығу процесіне арнап салған базасының саны таңғалдырады, - деп атап өтті Конрад Вржещиньский. -  Біздің клубта спорттық құрылымдардың саны төртеу екен. Керемет! Өсіп келе жатқан футболшыларға бұл кәсіпқой футболшыға айналу үшін таптырмас мүмкіндік. Шынымды айтсам, қызыға қарадым. Жасөспірімдерді дайындау үшін жіті көңіл бөлінген. «Қайраттың» шәкірттері берілген мүмкіндіктерін пайдаланып, аз уақыттың ішінде негізгі құрамға қосылатынына сенімдімін. Оларды керемет мансап күтіп тұрғанына күмәнім жоқ. Ең бастысы жігерлері жасымасын. Қиын сәтте мойымасын. Көшенің өміріне қызықпасын. Мықты болсын. Сонда ғана жетістік пен атаққа жете алады.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»