«Кайрата» ФК-ның шабуылшысы Конрад Вржещиньский павлодарлықтарға қарсы матч туралы және де «Орталық» алаңдағы рөлдері туралы айтты.
- Конрад, жеңіспен құттықтаймын!
- Рахмет! Осы матчта үш ұпай алу өте маңызды болды. Алғашқы он минутта біз ретсіз әрекет еттік, бірақ біз тез бейімделіп, гол соға алдық. Бұл гол бізге матчта билік етуге көмектесті. Өкінішке орай, голдан кейінгі бірнеше минуттардан кейін біз кемшілікте қалдық. Сол үшің бізге бірінші таймның жартысында қорғауда ойнап, қарсыластырдың шабуылдарын қайтаруға тура келді. Үзілістен кейін біз мотивацияға толы шығып, бірденен павлодарлықтардың қақпасында бірнеше қауіпті сәттер жасадық.
- Сен үшін көп энергия жұмсалған матч болды, сен бірнеше позицияда ойнадың.
- Ия, осы кездесуде төрт позицияда ойнадым. Матчтың басында мен оң жақ жартылай қорғаушының позициясында ойнадым. Ойын барысында шабуылшы, орталық жартылай қорғаушы және оң жақ қорғаушы позициясында ойнадым. Маған қай жерде ойнағаным маңызды емес, бастысы командаға пайдамды тигізу. Оңай емес матчта жеңіске жеткенімізге мен өте қуаныштымын.
- Матчқа екі күн қалған кезде сенің қызың туылды, құттықтаймын! Ойыныңа қарағанда, сен эмоциямен күшті нәрлендің.
- Ия, мен әлемдегі ең бақытты адаммын! Мен маңызды эмоционалды сәтті бастан өткіздім. Біз қызымыздың есімін Пола қойдық. Әйелім мен қызымды тезірек перзентханадан алып кеткім келеді!