«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Конрад Вржещиньский: «Менің әйелім мен қызым маған күш береді, сондықтан да мен жақсы ойнаймын»
Қайрат

Конрад Вржещиньский: «Менің әйелім мен қызым маған күш береді, сондықтан да мен жақсы ойнаймын»

06 октября 2019
/ 11:00

«Сары-қаралардың» жартылай қорғаушысы Конрад Вржещиньский «Ақтөбені» жеңудің маңыздылығы, команданың жақсы дайындығы, сондай-ақ оның ойынына әсер еткен оқиға туралы айтып берді.

- Конрад, маңызды жеңіспен құттықтаймын!

- Көп рахмет! Мен маңызды матчта осындай ірі жеңіске қол жеткізгенімізге өте қуаныштымын! Біз ойынға үлкен мотивациямен шықтық. Алғашқы алты минуттағы екі гол біздің көңіл-күйімізді айқын көрсетті. Екінші таймда біз жылдам футбол ойнауды жалғастырдық.

- Сен турнирдегі керемет үшінші голыңды соқтың, құттықтаймын!

- Рахмет, есепті ашқаныма өте қуаныштымын! Бірақ команданың алты жауапсыз гол соққаны маңыздырақ. Бұған мен одан да қуаныштымын. Команданың дайындығы өте жақсы. Бұл соңғы матчтарда байқалды. Дамуды тоқтатпау қажет.

- Соңғы екі айда сен керемет кондиция көрсетіп жатсың? Саған қызыңның туылғаны әсер етті ме?

- Иә, өмірге баланың келуі адамды қанаттандырады. Бұл менің алаңда командаға пайдамды тигізуге мүмкіндік беретін позитивті өте қуатты күш. Менің әйелім мен қызым маған күш береді, сондықтан да мен жақсы ойнаймын. Керемет сезім!

- Алаңдағы пайдалылық туралы айтатын болсақ, нәтижелі пас тақырыбын қозғамауға болмайды. «Ақтөбемен» болған матчта сен тағы да Мартон Эппельге голдық пас бердің.

- Бізде Мартонмен жақсы өзара түсіністік бар. Матчтан кейін, ол менің оған  ойында бір немесе екі голдық пас беретіндігіме жүз пайыз сенімді болғанын айтты. Мен бәрі ойдағыдай шыққанына қуаныштымын. Маған голдық пастар берген ұнайды. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»