«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Конрад Вржещиньский: «Еркошқа жақсы өткізілген пас үшін алғыс білдіргім келеді»
Қайрат

Конрад Вржещиньский: «Еркошқа жақсы өткізілген пас үшін алғыс білдіргім келеді»

01 сентября 2019
/ 11:00

«Сары-қаралардың» жартылай қорғаушысы, «Шахтерге» қарсы матчтың басты кейіпкерлерінің бірі Конрад Вржещинский жеңіске қосқан үлесі туралы айтып және де керемет пас берген серіктестеріне алғысын білдірді.

- Конрад, соғылған голмен және де екі дәлдік паспен құттықтаймын!

- Үлкен рахмет! Біздің жеңгенімізге, өте қуаныштымын! Халықаралық үзіліс алдында тамаша импульс. Үзілістен кейін біз осы деңгейде ойнауды жалғастыруымыз керек.

- Сен бүгін нәтижелі екі пас бердің. Қалай болғанын толығырақ айтып берші?

- Бірінші сәтте мен Мартон Эппельден керемет ушықтыратын пас алып, жылдамдықты арттырып, «Шахтердың» қақпасына жақындадым. Параллель курспен Бауыржан Исламханның қақпаға қарай жүгіріп келе жатқанын көргендіктен, капитанға пас беріп, ол допты оңай қақпаға кіргізді. Екінші пасты мен Еркебұлан Сейдахметтің керемет көтерген добынан кейін жасадым. Мен допты шабуылшы тұру керек, алыстағы штангаға бағыттадым.  Адеринсола Эсеоланың сол жерге жетіп келгені жақсы болды, ол баспен әдемі гол соқты. Керемет шабуыл болды!

- «Шахтердің» қақпасына соғылған сенің голың да матчтың сәніне айналды!

- Рахмет! Еркошқа (Сейдахмет) жақсы өткізілген пас үшің алғыс білдіргім келеді. Менің алдымда ашық жер бар екенін көргендіктен, өз жылдамдығымды пайдаланып қақпаға жүгірдім. Қақпашы кеш жақындай бастағандықтан, мен допты қақпашыдан асырып түсіруге шешім қабылдадым. Барлығы ойдағыдай болғанына қуаныштымын! 

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»