«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Конрад Вржещиньский: «Алғашқы кезеңде жақсы ойнағанымызбен, кейін шегінуге тура келді»
Қайрат

Конрад Вржещиньский: «Алғашқы кезеңде жақсы ойнағанымызбен, кейін шегінуге тура келді»

02 мая 2019
/ 00:00

- Конрад, бүгінгі ойынды қалай бағалайсыз?

- Алғашқы 25 минутта біз өте керемет ойын көрсеттік. Осы аралықта бірнеше гол соғуымыз керек еді. Екінші таймда біз қарсыластарға оңай қозғалуына мүмкіндік беріп қойдық. Ал олар болса уақыт өткен сайын күшейе түсті. Есеп теңескеннен кейін біздің команда мүлдем нашар ойнады.

- Сен кезекті нәтижелі пас бердің …

- Біз ойын алдында осылай жасайтынымызды ақылдасып алдық. Мен де, Айбол Әбікен де дұрыс істеді. Ол менің қарсыластарға қарсы шабуылымды көріп, маған пас берді, мен өз кезегімде Мартон Эппельдің жақсы позицияда тұрғанын көріп, допты оған бердім. Гол соғылғанына қуанышты болдым.

- Алаң сыртында ортақ дүниелеріңіздің көп болуы ойын кезінде бір-біріңізді жақсы түсінуге көмектесетінін Мартон айтқан болатын...

- Иә, біз аз уақытта достасып кеттік. Жұбайларымызбен қосылып, төртеуміз үнемі бірге болуға тырысамыз. Ол дұрыс айтады. Достығымыз алаңдағы ойын кезінде бір-бірімізді түсінуге жақсы мүмкіндік береді. Мартонды ең мықты футболшы деп санаймын. Маған онымен бірігіп, қарсыласқа қарсы шабуыл жасаған ұнайды. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»