«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Команда жиналды
Қайрат

Команда жиналды

06 сентября 2018
/ 00:00

«Сары-қаралар» кішігірім демалыстан кейін клубтың спорттық базасында жиналды.

5 қыркүйек күні «Қайраттың» футболшылары жасыл алаңда жаттығу жұмыстарын өткізді. Бүгін команда жаттығу залында шынығып, артынша алаңға доп тебуге шықты.

Алматыда екі күн жаттығу жұмыстарын өткізгеннен соң футболшылар ресейлік «Зенитке» қарсы жолдастық ойын өткізу үшін 8 қыркүйек күні Санкт-Петербург қаласына аттанады.

Айта кетейік, ресейлік клубқа қарсы жолдастық ойын 9 қыркүйек күні «Санкт-Петербург» стадионында өтеді. Басталуы Астана уақытымен 21:00-де.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»