«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Кобеев пен Мрынскийді негізгі командаға ауыстырды
Қайрат

Кобеев пен Мрынскийді негізгі командаға ауыстырды

07 марта 2023
/ 06:00

18 жасар тіреуші жартылай қорғаушы Мирас Кобеев пен қапталдағы қорғаушы Александр Мрынскийді негізгі құрамға ауыстырды.

Жаңа келісімшарттар 2026 жылдың соңына дейін есептелген.

Мирас Кобеев 2018 жылдан бері клубымыздың жүйесінде. Өткен маусымда «Қайрат-Жастар» клубының вице-капитаны болып, Бірінші лига аясында 19 кездесу өткізіп, 2 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. Өткен жазда Мирас «Ақсуға» қарсы кубок ойынында негізгі құрамдағы дебютін өткізді.

Александр Мрынский 2019 жылдан бері «Қайрат» футбол клубының құрамында. Өткен жылы «Қайрат-Жастар» сапында 20 кездесу өткізіп, 1 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген. Ол негізгі команда сапындағы дебютін 2021 жылдың жазында «Тұранға» қарсы кубок ойынында өткізді.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»