«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Клубтың құрметті ардагерлері базада қонақта болды
Қайрат

Клубтың құрметті ардагерлері базада қонақта болды

08 августа 2019
/ 11:00

«Қайрат» командасының танымал мүшелері Құралбек Ордабаев, Владимир Гулямхайдаров, Владимир Никитенко және Асқар Қожабергенов достық сапармен «Қайрат» базасына келіп, ойыншылар мен жаттықтырушыларға өз тілектерін жолдады.

Кездесудің басында клубтың бас директоры Марат Баймуханов және команда капитаны Бауыржан Исламхан қол шапалақпен атақты қақпашы Құралбек Ордабаевты жетпіске толған мерейтойымен құттықтап,естелік сыйлықтар тарту етті.

Құралбек Досжановичты құттықтаудан кейін, ардагерлердің әр қайссысы сөз сөйлеп, чемпионаттағы жарқын жеңістері үшін командаға алғыс білдіріп және де маусымды үздік аяқтауды тіледі.

Владимир Гулямхайдаров: «Ең бірінші, әр қайссыларың өздеріңе сену керексіңдер, жаныңдағы серіктеске сену керексіңдер. Әрине, командаға сену қажет. Бірігіп, жиналып, қалған ойындарды өз күштеріңе сенім арту қажет!».

Владимир Никитенко: «10 жыл бойы «Қайраттың» ойыншысы болдым, 6 жыл клубта тренер болдым. Клубтан жақын ешкім жоқ. Клубтың дамуын көру ғанибет. Футбол сапасында ілгерілеуді байқауға болады. «Қайрат-Жастың»,  жаттығу топтары командаларының қалай ойнайғанын көру керемет. Барлық жаста прогресс байқалады. Бірінші командаға келер болсақ, жақында Хапоэльке қарсы матч толық стадион жинады. Бұл жетістіктің басты көрсеткіші. Халыққа «Қайраттың» ойыны ұнайды. Сіздерге жандарыңызбен және жүрекпен ойнауды тілеймін. Сонымен қатар, шебер және сабырлы ойнаңыздар».

Құралбек Ордабаев: «Қайрат» – менің екінші үйім. 50 жыл өмірімді «Қайратқа» арнадым.1970 жылы мені командаға шақырды. Мен 12 жыл бойы негізгі құрамда ойнадым. Команданың құрамында болу көп футболисттің арманы. Сіздер ойнау керексіздер және де халық сіздерді жақсы көретінін естен сақтау керексіздер. Еуропа Лигасы өткен тарих, ал Чемпионат ол біздің бүгініміз. Премьер Лигадағы әр жеңістерің бұл «сары-қаралардың» отбасына сыйлаған үлкен сыйларың!».

Асқар Қожабергенов: «Мен бар жүрегіммен «Қайратпен» біргемін. Қай жерже жұмыс жасасам да, мен біздің командаға алаңдаймын. Кеңес одағы кезінде де, тәуелсіздік жылдарында да ойнау бақыты маған бұйырды. Алексей Шпилевский «Ертіспен» ойын алдында қазіргі кезде әр ойын финал деп айтқан. Маған осы сөздер қатты ұнады. Бұл дұрыс бағыт! Чемпионатта қазір қызықты күрес. «Қайраттың» маңызды және жарқын жеңістерге қол жеткізіп жатқаны қуантады».

 

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»