«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Клуб Академиясында салтанатты ант беру рәсімі өтті
Академия жаңалықтары

Клуб Академиясында салтанатты ант беру рәсімі өтті

03 октября 2019
/ 11:00

Т. С. Сегізбаев атындағы Академияда үлкен мереке – клубтың жаңа тәрбиеленушілерінің ант қабылдау рәсімі өтті.

Клуб қатарын кезекті толықтыру — алматылық «Қайраттың» үлкен отбасы үшін маңызды мереке. Бүгін өздерін талантты футболшылар ретінде көрсетіп үлгерген 38 жаңа тәрбиеленуші клубқа деген адалдығына ант берді.

Бірінші болып құттықтау сөз айту үшін аты аңызға айналған голкипер Құралбек Досжанұлы Ордабаев шақырылды, ол ардагерлер корпусының атынан сөз сөйледі. Құралбек Досжанұлымен бірге ант беру рәсіміне атақты қайраткерлер Вахид Масудов, Юсуп Шадиев және Александр Жуйков қатысты.

«Қайрат» ФК Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев өскелең ұрпаққа өз клубының беделді өкілі болуға тілек білдірді. « Ең бастысы, әрбір футболшы Қазақстанның беделді азаматы болуы керек. Сіздер – «Қайраттың» болашағы ғана емес, Қазақстан футболының болашағысыздар. Күн сайын өзіңізбен жұмыс істеуді жалғастырыңыз! Дамуды тоқтатпаңыз! Мүмкін емес ештеңе жоқ. «Қайрат» футболшылары-Қазақстан құрамасының негізі. Сіздердің әрқайсыңыздың ұлттық команданың формасын киіп, біздің Әнұранымызды жасыл алаңда тұрып естуге мүмкіндігіңіз бар».

Одан әрі салтанатты ант мәтінін клубтың естелік белгілерін алған «Қайрат» ФК академиясының жаңа тәрбиеленушілері оқыды. 

Сондай-ақ Академияның жаңа жас ойыншылары үшін маңызды сөздерді бас бапкер Алексей Шпилевский, команда капитаны Бауыржан Исламхан, сондай-ақ қазіргі негізгі командада ойнайтын Академия тәрбиеленушілері: Айбол Әбікен, Рамазан Оразов және Вячеслав Швырев айтты.

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»