Бүгін қимыл-тірек аппараты бұзылған балаларға арналған №2 арнайыландырылған мектеп-интернатының ұлдары мен қыздарының арманы орындалды –– енді олардың өзіндік жасанды футбол алаңы бар.
Балаларды осындай қуанышты оқиғамен құттықтау үшін «Қайраттың» шабуылшысы Чума Анене, Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтхожин мен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Ислам Байрамуков қатысты.
Салтанатты бөліктен соң футбол матчы мен балалалар үшін көптеген шаралар жасалып, фестиваль өтті.