«Қайрат-Жастар» командасының бас бапкері Кирилл Морунов клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында UBET-Бірінші лиганың 5-туры аясындағы «Оңтүстікке» (1:1) қарсы ойынға қатысты пікір білдірді:
– Біз жақсы ойын көрсеттік. Ойынның барлық кезеңдерінде біз қарсыластан басым болдық. Бізге жетіспейтіні тек – жеңіс. Осыған байланысты матчтан кірбің қалды. Біз допты жылдам жылжытып, көптеген гол соғатын мүмкіндіктер жасадық, бірақ реализациямыз төмен. Осыған байланысты бәріміз жұмыс істеуіміз керек. Көптеген мүмкіндіктер жасай отырып, біз оларды голға айналдырып, қарсыластың ойынға қайта оралуына жол бермеуіміз керек. Жіберілген гол да біздің басты проблемамыз, өйткені қақпамызды құрғақ ұстағымыз келеді. Бірақ бес матчта да қолымыздан келмей жүр. Біз бала сияқты аңғал қылықтар жасаймыз. Бүкіл ойын бойы басым болсақ та, соңында гол жіберіп, жеңісті қолдан жіберіп жатырмыз.
Өмір жалғасады. 10 мамырда Арыста керемет әрі қиын ойын күтіп тұр. Біз сол ойынды асыға күтеміз. Қарсыласымыз – мықты. «Қыранға» қарсы матчтағыдай сылбыр ойнамай, бұл жолы тырнағымызды батырып тұрып ойын көрсетеміз деген ойдамын. Футболдың ең жақсысы – келесі күн және біз соңғы қонақта жетіспеген мінезді көрсете аламыз деп үміттенеміз.
Біз үнемі өсуіміз туралы, аңғалдығымыз туралы сөз қозғаймыз. Ұзаққа созылатынын екенін түсінеміз, бірақ оны жеделдету керек. Ойыншылар осы жағына мән беруі керек. Әзірге мұндай матчтардан нәтиже шығаруға күш-қуатымыз жетпейді. Бұл да өсу кезеңі деп білеміз. Жақсы ойнап қана қоймай, жақсы ойнай отыра жеңіске жете білу керек. Жігіттер жақын арада бірінші командаға ауысады. Біз бәріміз соған үміттенеміз және бәріміз сол үшін жұмыс істейміз. Бірақ, өкінішке қарай, бүгінгідей ұпайлардан айырылып, жеңісті уысымыздан жіберіп қойып жатырмыз.