«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Кирилл Морунов: «Тең жекпе-жекте біз оң нәтижеге қол жеткізе алдық»
Қайрат-Жастар

Кирилл Морунов: «Тең жекпе-жекте біз оң нәтижеге қол жеткізе алдық»

16 февраля 2020
/ 12:00

«Қайрат-Жастардың» бапкері Кирилл Морунов өз шәкірттерінің «Краснодардың» жастар командасына қарсы өткізген матчының нәтижесі жайлы сұхбат берді.

- Кирилл Сергеевич, бүгінгі матч қалай өтті?

- Біз жеңіске қол жеткізгенімізге қуаныштымыз. Бірінші таймда біз басымдық танытып, көп голдық сәттер жасадық.  Өкінішке орай, кейбір  сәттерді  жүзеге асыра алмадық. Бізге осы бағытта жұмыс жасау қажет, мысалға жылдам шешім қабылдау, голдық сәттерді жүзеге асыру. Бірінші таймда көп гол соғып, нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндігіміз болды.  Екінші таймда қарсыласқа есепті теңестіруге мүмкіндік беріп қойдық. Бірақ ең бастысы, біз соңында жеңіске қол жеткіздік. Қиын жағдайда жеңіске жеттік.

- Қарсыласты қалай бағалайсыз?

- Егер қарсылас туралы айтатын болсақ, «Краснодар» Академиясының үздіктердің бірі екені ешкімге құпия емес. Біздің клубтар осынысымен ұқсас. Біз өз футболшыларымызды дайындауға баса назар аударамыз. Біз «Краснодармен» жиі ойнаймыз. Біз қараша айында да олармен ойнадық. Бұл бізге лайықты қарсылас. Тең жекпе-жекте біз оң нәтижеге қол жеткізе алдық. Осындай ойында бұл маңызды.

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»