Кирилл Морунов – ҚР чемпионатын жеңіп, келер жылғы Жасөспірімдер Чемпиондар Лигасында ойнауға жолдама алған «Қайрат» ФК Академиясының команда тренері. Біздің сайтқа берген кеңейтілген сұхбатында: беделді турнирге жолдама алудың маңыздылығы жайлы, +33 ұпай айырмашылықпен жеңіске жету және де 130 соғылған голдар жайлы айтты.
«Қайрат» ФК Академиясының 2002 жылғы ойыншылардан құралған командасы өз жасындағы категорияда Қазақстан чемпионатын сенімді түрде жеңіп, көптен күткен Жасөспірімдер Чемпиондар Лигасына жолдама алды. Келер жылы «сары-қаралар» Академияның тарихында үшінші рет әлемдік футболдың ірі командалары жиналған беделді европалық турнирді бағындыруға тырысады.
-Кирилл, чемпионаттағы жеңісіңізбен және де беделді турнирге жолдама алуыңызбен құттықтаймын!
-Рахмет! Биылғы жылы Қазақстан Республикасының чемпионаты бес турдан тұрды. Айналма жүйемен ойнадық. Осы жылы, осы жас бойынша Жасөспірімдер Чемпиондар Лигасына жолдама ойнатылды. Сол үшін де, бұл жеңіс барлық Академия, барлық клуб үшін бағалы және маңызды. Соңғы екі жылда біз бірнеше себептермен Чемпиондар Лигасына өте алмадық. Кейбір жерлерде жолымыз болмады. Бұрын айналма жүйемен ойнап, кейін плей-офф ойнайтынбыз. Қазір тек айналма жүйе ғана қалды. Бұрын барлық матчтарды жеңіп, барлығынан көп доп соғып, бірақ жартылай финалда шалыс бассаң, бірінші орынды ала алмайтынбыз. Қазір барлығы өз орнына келді. Қазақстанның басқа Академияларымен және ФЦ-не қарағанда «Қайрат» Академиясы дамудың жоғары баспалдағында тұрғаны енді ешкімге күмән тудырмайды. Осы командамен ары қарай да жаттығамыз ба білмеймін, ең бастысы, жолдамаға қол жеткіздік. Бұл футболисттерге Чемпиондар Лигасы өте маңызды. Бұл жоғарғы деңгейдегі халқаралық тәжірибе. Біз келер жылы команданың мықты қарсыластармен бақталастыруға мүмкіндік алғанына өте қуаныштымыз.
-Жасөспірімдер Чемпиондар Лигасының форматы қандай?
-Басқа да ұлттық жасөспірімдер турнирлерінің жеңімпазы секілді «Қайрат» «Чемпиондар жолы» деп аталатын жолмен жүреді. Басында топтан шығуға матчтар болады. Әр жекпе-жек үй ойыннан және де сырт алаңдағы ойыннан тұрады. Әр жеңіске жеткен жекпе-жек келесі кезеңге өтуге мүмкіндік береді. Ол жеребе келесі жылы өтеді. Кейін ұштасатын матчтар болады. Ол ойындарда топтық кезеңдегі команданың біреуімен плей-оффқа шығуға мүмкіндік алуға болады.
-Екі жыл бұрын «Краснодар» жасаған сияқты ма?
-Ия. Екі жыл бұрын біз «Краснодар» Академиясынан жеңілдік, одан кейін олар турнирдің 1/8 финалына дейін өтіп, Гути жаттықтырған «Реал» командасынан ғана жеңілді. «Реалдың» тірі аңызы. Бұл Чемпиондар лигасындағы жеңістердің арқасында осындай улкен академиялармен матчтарға жетудің дәлелі. Айтпақшы, сол кезде «Краснодар» құрамында ойнаған Сүлейманов, Игнатьев және басқа да футболисттер қазір негізгі құрамда ойнап жүр. Бізге өте мықты қарсылас кезікті.
-Біздің бағыт «Краснодар» ма?
- Негізінде «Челси». Соңғы бес жылда лондондықтар екі рет турнирді жеңіп, және де екі рет финалда ойнады. Бұл өте жоғары деңгей. Біз осыған ұмтылуымыз керек, осы жайлы армандауымыз керек. Бірақ қәзіргі таңда осындай турнирге қатысудың өзі үлкен жетістік. Ең бастысы - мұны тұрақты түрде жасау қажет. Сонда ғана біз біртіндеп плей-оффқа дейін жетіп, жеңіске де жете аламыз.
Осы жылы сіздің командаңыз 130 доп соғып, 8 доп қана жіберді!
-Ия, айырмашылық жер мен көктей. Бірақ біздің жеңіске деген құлшынысымыз мықты болды. Әр матчта көп гол соғуға талпындық. Біздің алдымызда чемпионатты жеңіп, Жасөспірімдер Чемипондар Лигасына жолдама алу деген мақсат болды. Біз оған қол жеткіздік. Сонымен қатар, осыншама гол соқтық.
-Менің ойымша, барлығы «Атыраудағы» ойынның 33-0 есебін есінде ұзақ сақтайды ...
- 33:0 есебі, әрине, еліміздің ақпараттық кеңістігін жарып жіберді. Интернетте адамдар екіге бөлінді. Кейбір адамдар бұлай істеуге болмайды, қарсыласты аяу керек еді деп, кейбір адамдар осылай істеген дұрыс деді. Осы матчты көргендер түсінеді. Біз «Атырауды» қорлағымыз келмеді. Біз ойында үйреніп қалған футболымызды ойнадық. Футболисттер өз жұмысын жасады. Бүкіл клуб бір философиямен жұмыс істейді. Барлығы көрерменді қызықтыратын футбол көрсетеді. Ол дегеніміз, мүмкіндігінше көп гол соғуға, қарсыластың жарты алаңында допты алып қою, жылдамдық пен тұрақты қысым көрсетуге деген құштарлық. Матчта голдың көп болғаны барлық жанкүйерлерге ұнайды.
-Алдыда сізді Қазақстан Кубогі күтіп тұр. Мақсат тағы да жеңіске жету ме?
-Ия, әрине. Біздің тапсырма – қатысқан әр ойынымызда жеңіске жету. Әр ойында 100% бар күшімізді салу. Сол кезде ғана біз өсеміз. Біреулер «Қайратта» ең үздіктер жиналған дейді. Бұл дегеніміз Қазақстан құрамасы десек те болады. Бірақ балалар командасына қарасаңыздар 2006-2007 жылғы балалардың барлығы алматылықтар. Олар Сергей Квочкин атындағы Академияда жаттығады. Солардың нәтижелеріне қарасаңыздар жеткілікті. 2007 жылғы команда мерзімнен бұрын чемпион атанып, 10:0 үлкен есебімен жеңіске жетті.. Бұл бүкіл Академияның жақсы жұмысы. 2006 жылғы командасы да осыған ұқсас жағдай.
-Тағы да сізді осындай үлкен жеңісіңізбен құттықтаймын!
-Рахмет! Мен өз кезегімде, екінші жаттықтырушы Максим Гуликке, жалпы дене шынықтыру жаттықтырушысы Вадим Боровскийге, қақпашылар жаттықтырушысы Ильдар Шайхесламовқа және видео-сарапшы Алексей Анкудиновке алғысымды білдіремін. Осы жеңіске қол-жеткізуге атсалысқан адамдардың барлығына алғысым шексіз. Академияда жұмыс істейтіндердің барлығына. Рафаэль Уразбахтинге ерекше рахмет. Біз Рафаэль Уразбахтинмен бірге бұл команданы 13 жастарында құрдық. Біз команданы іріктеумен және жинақтаумен айналыстық. Көп еңбек еттік. Мен Рафаэль Радиковичты құттықтағым келеді. Бұл жеңіс оның да жетістігі!