Ресейлік жартылай қорғаушы Кирилл Колесниченко «Қайратпен» бірінші келісімшартқа қол қойғаннан кейін, сүйікті музыкасы, тағамы, клуб базасынаналған әсерлері туралы, сондай-ақ бала кезінен жанкүйер болған футболшысы туралы сұхбат берді.
- «Қайратқа» қош келдің, Кирилл! Сен келісімшарт бойынша келіссөздерге қатыстың ба?
- Рахмет, командаға қосылғаныма қуаныштымын! Жоқ, мен келісімшарт бойынша келіссөздерге қатыспадым, келіссөздермен құзыретті адамдар айналысты. Менің басты міндетім–футболойнау, нәтиже беру, командаға көмектесу.
– Ерте жастан бастап футболмен айналыса бастағаныңды білемін. Бұған не әсер етті?
– Менің ойымша, бұл тағдыр. Біз бірінші сыныпта БЖСМ-не экскурсияға бардық, онда футбол секциясын көрдім. Келесі күні ақ мен бірінші жаттығуға бардым.
– «Қайратты»таңдауыңа негізгі фактор не болды?
– Мен «Қайратта» футболшылар үшін ең ғажап жағдай жасалғанын, даму әлеуеті зор екенін білдім. Сондай-ақ, клубта барлығы лауазымына қарамастан футболды жақсы көретінін естідім. «Қайрат» - өз алдына биік мақсаттар қоятын мықты және өршіл команда. Әрине, маңызды фактор - Еуропа Лигасында ойнау мүмкіндігі.
– Клуб базасынан алған алғашқы әсерлерің қандай болды?
– Мен YouTube-та «Қайрат» туралы кейбір бағдарламаларды көрдім, сондықтан да біздің базамызды аздап біліп қалдым. Бірақ оныөз көзіңмен көрген кезде таңқаларлықтай әсерде боласың. Базада футбол үшін, сапалы қалпына келтіру үшін бәрі бар болғаны қуантады. Мұндай қолайлы жағдайлар жасалған базалар бүкіл әлемде бірнешеу ғана.
– Алексей Шпилевскиймен болған алғашқы әңгімең туралы айтып берші. Сендер негізінен не туралы әңгімелестіңдер?
– Алексей Николаевичпен клубқа келген алғашқы күні-ақ әңгімелестім. Ол мені жылы қарсы алып, қолдау көрсетіп, табыс тіледі. Әрине, футбол туралы әңгімелестік. Ол маған маңызды сөздер айтты. Клубта барлығы маған прогресс жасауға көмектесетінін айтты. Команда да жақсы қабылдады, бірден ортақ тіл табыстық. Барлық футболшылар өте ашық.
– Сенің ең үлкен футболдағы арманың қандай?
– Маған ұнайтын дәйексөзбен жауап берейін: «Сізде жаһандық мақсаттар болуы керек, тіпті достарыңа да олар туралы айту ыңғайсыз болатындай».
– Сен қандай музыканы тыңдайсың?
- Өзімді меломанмын деп санаймын,плейлистімде бәрі бар. Негізінен–мағынасынтүсінетін музыка. Сүйікті орындаушыларға келетін болсақ, тізімде рэперлер бар Честный, Литвиненко, Честер Небро, Джарахов, Копюшон Ноу М, Santiz, Lizer. Сонымен қатарМари Краймбрери, Макс Коржды тыңдаймын.
– Тамақтан нені жақсы көресің?
– Сізге романтизацияланған түрде жауап бере аламын: «Анам жасаған тамақтың бәрін». Бұл әрбір адамға жақын. Маған келсек, мен күріш пен бауырды өте жақсы көремін.
– Карантин жағдайында күндеріңді қалай өткізіп жатырсың? Кітаптар, ойындар, фильмдер?
– Карантин кезінде өз бетінше жұмыс жасаймын. Әр футболшыға белгілі бір тапсырма берілді. Бос уақытымда жоғарыда айтылғандардың барлығын жасаймын, сондай-ақ туыстарыма, жақындарыма, достарыма көп уақыт бөлемін.
– Дәстүрлі сұрақ: Роналду немесе Месси?
– Мен бұл мәселені айналып өтуге тырысамын. Олар тек алаңда ғана емес, одан тыс жерде де ұлы адамдар. Мен олардың футболдағы жетістіктеріне және футболдан тыс өмірлеріне таңданамын.
– Бала кезіңде танымал футболшылардың қайсысына ұқсағың келді? Қазір кім ұнайды?
– Мен үшін футбол идолы – Карлес Пуйоль, бұл жерде мен оның тек алаңдағы ойынын ғана емес, алаңнан тыс жердегі қасиеттерін де есепке алдым. Қазіргі ойыншылардың арасында флангешабуылда ойнайтындар жақынырақ: Месси, Роналду, Неймар, Стерлинг, Гнабри, Бернард Сильва, Бейл, Гризман. Сондай-ақ, тізімде жастар да бар, оларға қарсы ойнап та көргенмін: Санчо, Винисиус. Ең мықтыны анықтау мүмкін емес, өйткені әркімнің өз стилі, өз міндеттері бар.