«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Кирилл Кекер: «Жігіттерге сенім артамыз»
Каталог Новостей

Кирилл Кекер: «Жігіттерге сенім артамыз»

03 июля 2018
/ 00:00

«Қайрат» жастар командасының жаттықтырушысы Кирилл Кекер клубтың баспасөз-қызметіне «Алтай Ж» ұжымына қарсы матч нәтижесі жайында ойын айтты.

- Кирилл, қарсыласты өте сенімді жеңдіңіздер – 0:3. Нәтижеге толығымен көңіліңіз тола ма?

- Бұл ойынға толыққанды дайындалдық. Үш ойыншымыз сары қағаздар санына байланысты ойынға қатысқан жоқ, нәтижесінде, алаңға азырақ шығатын футболшылар өз мүмкіндіктерін алды. Нәтижеге, әрине, көңілім толады. Медальға таласқысы келетін команда аутсайдерлерге қарсы матчта ұпай жоғалтпауы тиіс – бұл өте маңызды. Ойлағанымыздың бәрі жүзеге асты деуге келмес. Бірақ футболшыларға ойын мен жеңіс үшін рақмет.

- Бұл матчта бұрын «көлеңкеде» қалып қойып жүрген футболшылар гол соқты. Командада барлық футболшы гол соғуға дайын деуге келе ме?

- Біздің бапкерлік штабымыз әр ойыншының мүмкіндігін біледі. Ойыншыны негізгі құрамда немесе матч барысында тыңнан шығарғанда, олар командаға көмектеседі деп сенеміз. Сондықтан, ойыншының қанша ойнағаны емес, қалай ойнағаны маңызды. Ойыншыларымыздың көбі гол соға алады – бізді бұл қуантады, шабуылдағы ойынымызда мүмкіндіктерімізді кеңейтеді. Жігіттерге сенеміз, олар кәсіби тұрғыда өсіп, дами бергенін қалаймыз. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»