«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Кирилл Кекер: Жеңісті уыстан жіберіп алдық
Қайрат

Кирилл Кекер: Жеңісті уыстан жіберіп алдық

28 августа 2022
/ 06:00
«Қайрат» ФК бас бапкері Кирилл Кекер футболдан Қазақстан чемпионатының 17-ші туры аясындағы «Каспийге» (2:2) қарсы тең матч туралы пікірін айтты.

– «Каспийді» тең нәтижемен құттықтаймын. Шәкірттерімнің бүгінгі тапсырмасы жеңіс еді. Өкінішке қарай, жеңісті уыстан жіберіп алдық.

Біз чемпиондық үшін күресіп келеміз, сондықтан бүгінгі үш ұпайдың маңызы зор еді. «Қайрат» әр матчта жеңіс үшін ойнайды. Ақтауға жеңіске жету үшін келдік, «Каспий» де басқа қалаға ұту үшін барады. Бұл қалыпты жағдай. 

Бүгін стадионда тамаша атмосфера болды. Футболшылар жанкүйерлер үшін ойнайды. Футболға барынша адам көп келіп, жақсы атмосфера жасаса, футболшылардың да ойнауға құлшынысы артады. 

Алаңға келер болсақ, бірінші кезекте футболшылардың денсаулығын ойлауымыз қажет. Үзілісте командамыздың ойыншылары сүйел болмау үшін аяқтарын орап жатты. Премьер-лиганың командасы мұндай сападағы алаңда ойнай алмайды деп санаймын.
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»