«Қайрат Ж» бас бапкері «Шахтер» жастар құрамасына қарсы матчтың нәтижесі туралы пікірін айтты.
- Жеңіліс үшін барлық жауапкершілікті өз мойныма аламын. Ойыншыларға алғыс айтқым келеді, олар жарады. Олар есепке қарамастан, соңына дейін ойнады. Шынымды айтсам, көп нәрсе қолдан келмеді. Әрине, оған көңіліміз толмайды, бірақ әр жеңіліс бізді жаңа нәрсеге үйретеді және бізді мықты қыла түседі. Алда жағдайды түзеу үшін 27 ойын бар, қазіргі жағдайымыз көңілден шықпайды. Бір ғана амал бар – бұл жұмыс істеу, жұмыс істеу және тағы да жұмыс істеу.