Кирилл Кекер «Тараз Ж» командасына қарсы матч туралы ойын айтты.
- Екі түрлі тайм болды. Бірінші таймда біз қарсыластан толығымен айламызды асырып, 4:0 есебімен жеңсек, екінші таймда психология рөл ойнады, оның үстіне, қарсылас та басқа жүйеге ауысты. Жалпы, «Тараз Ж» ұжымына қарсы матчқа тыңғылықты дайындалдық, себебі бұл команда футбол ойнай алады, мінезді футболшылар. Себебі ойыншылардың даму үрдісі жалғасып жатыр ғой. Ойыншыларға үлкен рақмет, әр ойынға кәсіби көзқараспен қарайды. Әр жеңіс өзіміздің күш-қуатымызға деген сенімділікті арттырады. Жұмысты жалғастырып, ойын сапамызда жақсартуымыз керек.