«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Кирилл Кекер: «Сырт алаңдағы ойындарға алты ұпай үшін аттандық»
Каталог Новостей

Кирилл Кекер: «Сырт алаңдағы ойындарға алты ұпай үшін аттандық»

06 июля 2018
/ 00:00

«Қайрат» жастар командасының бас бапкері «Ертіс Ж» ұжымына қарсы сырт алаңдағы ойын нәтижесі туралы пікірін айтты. Алматылық клуб қарсыласын 2:1 есебімен жеңген еді.

- Павлодарлықтарды тартысты ойында жеңдік – 1:2. Матчқа қандай баға бере аласыз?

- Сырт адаңдағы ойындарға алты ұпай үшін аттандық. Екі ойында да жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз, ойыншыларға рақмет – олар жарады. «Ертіске» қарсы ойынға келер болсақ, жалпы, ойын бойы біз басымдық таныттық, бірнеше гол соғатын мүмкіндігімізді пайдаланбадық. Бірақ ойыншылар біздің нұсқауымызды орындады.

- Сырт алаңда қатарынан екі ойын болды: алдымен Өскемен, кейін Павлодар және мұның бәрі аз уақыт ішінде. Команда өзін қалай сезінеді?

- Біз осындай режиммен ойнап жатырмыз, біріншілік өте қиын және өте қызық. Әрине, Өскеменнен Павлодарға автобуспен баруымыз өз әсерін тигізді, бірақ біздің ойыншыларымыз өз ісіне кәсіби түрде қарауға тырысады, сондықтан команданың көңіл-күйі жақсы. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»