«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Кирилл Кекер: «Психологиялық тұрғыда бұл ойын біз үшін маңызды болды»
Қайрат

Кирилл Кекер: «Психологиялық тұрғыда бұл ойын біз үшін маңызды болды»

09 марта 2023
/ 06:00
«Қайраттың» бас бапкері Кирилл Кекер OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының 2-ші турындағы «Ақсуға» (3:1) қарсы ойынға қатысты пікірін білдіріп, журналистердің сұрақтарына да жауап берді.

– Павлодарға келіп ойнау – бір ғанибет. «Ақсу» командасының ойыны да, өзі де қатты ұнайды. Білікті футболшылардан жасақталған. Болашақта оларға жеңіс пен табыс тілеймін.

Матчқа келетін болсақ, психологиялық тұрғыда бұл ойын біз үшін маңызды болды. Алматыда болған жағдайға байланысты футболшылардың кері әсерін сезіну маңызды еді. Жалпы, біз мұнда үш ұпай үшін келіп, қол жеткізгенімізге қуаныштымын. Бұл командамен жұмыс істей отырып, олардың бір арқауы бар екенін білемін. Бүгін біз қалаған мінезді көрсете алды. Меніңше, Алматыда сәтсіз оқиға орын алды, алайда нәтиже өзгеріссіз қала береді. Ол ойында гол соғатын 17 мүмкіндік жасап, 21 соққы жасадық, бірақ жеңе алмадық. Бүгін гол соғатын сәттер аз болса да, жеңіс тұғырынан көріндік.

– Жастарға ары қарай сенесіз бе әлде оларды мәжбүрлі түрде шығардыңыз ба?

– Өз тәрбиеленушілерімізді дамытып, оларды сату – клубымыздың саясатында бар дүние. Біздің құрамда ЕАЭО ойыншыларын есептемегенде тек екі легионер бар. Биыл 24 жасар Офри Арад пен 22 жасар Дмитрий Сергеевті алдық. Біздің қатарда көп жұмыс атқарып, ұжым үшін кәсіби мен менталды тұрғыдан маңызды талаптарды орындайтын Васин мен Жоао Пауло қалды. Клуб тек осы бағытта жүретін болады.

– Маусымның басында клубқа байланысты жағдай сізді қалай уайымдатады? Команданың көңіл-күйі қандай?

– Біріншіден, бұл көңіл-күй – адамдардың өзінен. Клубтың ішкі жағдайы өте жақсы. Жақында біздің жас балаларымыз Санкт-Петербургте өткен турнирде екінші орын алғанын білесіздер. Бірінші команда «Қайрат-Жастар» сияқты дамып жатыр. Клубтың бүкіл құрылымы бұрынғыдай жұмыс істейді. Біздің клубымыз Қайрат Советайұлын қолдап, айы оңынан тусын деп тілейміз. Біз ол үшін қатты алаңдаймыз. Клубқа келетін болсақ, біз әдеттегідей жұмыс істеп жатырмыз. Бізде бәрі жақсы!

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»