«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Кирилл Кекер: «Ойынымыз өзімізге ғана байланысты»
Қайрат

Кирилл Кекер: «Ойынымыз өзімізге ғана байланысты»

14 августа 2023
/ 06:00

«Қайрат» бас бапкері «Тобылды» жеңгеннен кейін (2:1) журналистердің сұрақтарына жауап берді. 

 – Ауыр, бірақ лайықты жеңіспен құттықтаймын. Ойын жоспары қандай болды? «Тобылдың» құрамды ротациялағаны білінді ме? 

– «Тобылдың» барлық матчын көретін болсаңыз, онда олар кімнің шыққанына қарамастан әрқашан бірдей ойнайды. Кейбір ойыншылардың деңгейі жоғары, ал қалғандарыныкы төменірек. Бұл ойынға әсер етеді. Шыны керек, бізге қарсы 5 легионер, ЕЭО-дан 4 ойыншы және 2 қазақстандық шықты. Олардың ротация жасағанына мүлде мән бермейміз. Ең алдымен, ойынымыз өзімізге ғана байланысты. Құрамымызды жиі өзгертеміз, өйткені жаттығуға қарап, барлығына ойнауға мүмкіндік береміз. 

 – Арнайы біреуге қарсы ойнадыңыздар ма? Мысалы, Деблеге қарсы. 

– Олардың командасын, ойыншыларын жеке-жеке талдадық. Дебленің белгілі бір қасиеті бар білікті әрі жақсы футболшы екені анық. Алаңға шыққанда оның өте жылдам ойыншы екенін байқадық. Маки мен Сашаға оған қарсы қатал ойнауды айттым. 

 – Васин құрамға ілікті, бірақ қосалқыда қалды. 

– Виктор – командамыздың жүйе құрушы ойыншысы. Жұма күні ол жалпы топта бірінші жаттығу жасады, ал кеше таңертең ол жеке дайындалды. Киім ауыстыратын бөлмеде, қосалқыда командамен бірге болады деп шештік. Ол жігіттерге қолдау көрсетіп, кеңес айтып отырады деген жоспар болатын. Бірақ оның алаңға шығуын бастапқыда жоспарлаған жоқпыз. Ол өте ауыр жарақат алды, тіпті аяғы сына жаздаған. Айығуы біраз уақыт алады. 

 – Андрей Ульшиннің жарақаты қаншалықты ауыр? 

– Өкінішке қарай, Ақтөбеде Андрей аяғын сындырып алды. Қалпына келуі үшін кемінде бір ай қажет. Алаңға жиі шығып, ойынымызды күшейтетін ойыншы. Біз оның алаңдағы жоқтығын сезетін боламыз. 

 – «Қайрат-Жастар» орталық қорғаушысы Султан Аскаровты құрамда қашан көре аламыз? 

– Ол бізбен бірге екі рет сырт алаңдағы ойынға ұшты. Жағдайға байланысты оның шығуға мүмкіндігі болмады. «Қайрат-Жастар» ойыншыларының барлығына көңіл бөліп, оларды жаттығуға жиі тартамыз. 

 – Әділет Садыбеков негізгі құрамда шыққан жоқ. Бұл «Тобылдың» тактикасына бейімделуіне байланысты ма? 

– Бұл қарсыласқа бейімделу емес еді. Әрекетіне деген реакциямыз болды, кейбір нәрселер көңілімізден шықпайды, бірақ бұл қалыпты жағдай. Әділет – біздің команда үшін өте маңызды ойыншы. Ол бірінші рет алаңға негізгі құрамда шықпады. Қазір ең жақсы қорғаныс жартылай қорғаушылар – Офри мен Дима деп таныдық. Адиктің шығып, бізді күшейтіп, сенімділік қосатынын шамамен түсіндік. 

 – Галымжан Кенжебек мамыр айынан бері алаңға шықпады. Ол негізгі құрамға орала ма? Оның клубтағы болашағы қандай? 

– Барлығы өзіне байланысты. Бұл туралы талай рет айтқанбыз. Ол өмірде не қалайтынын түсініп, өмірде кім болғысы келетінін шешуі керек. Ол мұны түсінген соң, біз де оны түсінетін боламыз. Қазіргі уақытта, менің түсінуімше, ол өмірінде аздап шатасып, кім болғысы келетінін толық түсінбей жүрген сияқты. Немесе ол кім болғысы келетінін түсінеді, бірақ оған жету үшін қандай бағыт керегін түсінбейді. Менің ойымша, футбол – бұл күнделікті еңбек. Ол кәсіби футболшы болуды үйренуі керек. Бұл оңай емес.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»