«Қайрат Ж» командасының бас бапкері Кирилл Кекер клубтың ресми сайтына «Алтай» жастар командасына қарсы матч нәтижесі жайында ойын айтты.
- Өкінішке қарай, біздің матчтарымыз бір сценариймен өтеді, командалар жабылып алып, матч бойы солардың қорғанысынан саңлау табуға тырысамыз. Кейде қолдан келмей жатады. «Алтай» үшін 0:0 – жеңіспен пара-пар.
- Жақында ғана сырт алаңда команда сол «Алтайды» жеңіп жүрген еді, өткен матчта соғылған голды да көре алмадық. Ойыншылар шаршаңқырап жүр ме?
- Әрине, шаршаңқырай бастады. Кейде эмоция жетіспейді, жекелей шеберлік жетіспейді, бірақ ойыншыларды дамыту үрдісі жалғасып жатыр. Олар қандай клубта ойнап жүргендерін және қайда ұмтылу керегін толығымен түсінуі керек. Қателіктерден құтылу үшін тәжірибе қажет, ал тәжірибе алу үшін қате жіберу керек.