«Қайрат Ж» командасының бас бапкері «Атырауға» қарсы матч туралы пікірін айтты.
- Ауыр ойын болды: қатты жел, қатты алаң, +29 градус ыстық. Мұның бәрі екі команданың ойынына әсер етті. Жалпы, бір нәрсеге үміткер болып отырған командалар аутсайдермен матчта ұпай жоғалтпауы керек. Сондықтан, ойыншыларға рақмет. Олар салмақты қарап, өз жұмысын сапалы әрі жақсы орындады. Ойынымыздың сапасын әлі жақсарту керек – біз осыған басты назар аударамыз.
Ойын және менталды тұрғыда мәселелер бар, сондықтан ойыншыларды кешенді түрде дамытуға тырысамыз. Ойыншылардың үйренуге, дамуға деген ниеті бар екені көрініп тұр. Біздің мақсатымыз ойыншыларды клуб құрылымындағы командаларға дайындау: «Қайрат А», артынша бірінші командаға ауысу бағытында жұмыс істейміз. Әр ойыншының мүмкіндігі бар, тек оны пайдалана ма, жоқ па, өздеріне байланысты. Олардың дұрыс дамуы үшін көмектесеміз.