«Қайрат» жастар командасының бас бапкері Кирилл Кекер «Ордабасы Ж» ұжымына қарсы матчтан кейін клубтың баспасөз-қызметі қойған сұрақтарға жауап берді.
- Кирилл, жеңіспен құттықтаймыз. Матчқа қандай баға бере аласыз?
- Үлкен рақмет! Қазіргі таңда мен клубтың бапкерлік құрамымен бірге Германияда жүрмін, Бундеслига клубы «РБ Лейпцигте» тағылымдамадан өтіп жатырмын. Ал команданы ойынға Травин Андрей Владимирович дайындады – бұл оның және ойыншылардың жеңісі. Ойынды онлайн бақыладым, жалпы, бүкіл матч бойы біз басымдыққа ие болдық. Допқа көбірек иелік еттік, мүмкіндіктер жасадық. Жаттығуда істеп жүрген нәрселерді жасауға тырыстық.
- Матч соңы сәл қобалжумен өтті, қонақтар есеп айырмасын бір голға дейін қысқарта алды. Шаршаңқырағандары әсер етті ме, әлде команда үш ұпай алатынына сенімді болды ма?
- Ірі есеппен ұтуымыз керек еді: шабуылды аяқтау сәтінде сәл қиындықтар бар, көп мүмкіндігіміз болады, бірақ аз гол соғамыз. Бұл мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Біз жеңіске жететінімізге сенімді болдық, басымдығымыз үлкен еді, 92-минутта гол жіберуге болмайды. Жұмысымызды жалғастырып, алға жылжи береміз.