«Қайраттың» бас бапкері Кирилл Кекер Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының 12-туры аясында «Оқжетпеске» (2:1) қарсы өткен ойынға қатысты пікір білдірді:
– Стадионға келген адамдарға көп рақмет айтқым келеді. Командамызды жеңісті күндерде ғана қолдамай, ойынымыз жүрмейтін кездерде де жанкүйер болып жүргендеріңіз маңызды. Бізге қолдауларыңыз қажет! Ойындарымызға көп адам келсе екен деймін.
– Матч соңында «Оқжетпестің» көп қысым жасағаны байқалды. Бұл сіздің қорғанысқа берген нұсқауыңызға байланысты ма, әлде олар сол сәтте функционалдық жағынан басым болды ма?
– Мәселе «Оқжетпесте» емес, өзімізде. Өкінішке қарай, өз ойынымызды ойнамадық, салдарынан қорғанысқа жатып қалдық.
– Ульшинді амал жоқ ауыстырдыңыз ба?
– Бүгін жасалған ауыстырулардың барлығы ойынға қатысты. Бірінші таймда Андрейдің ойынына көңіліміз толмады.