«Қайрат» жастар командасының бас бапкері Кирилл Кекер «Ақсуға» қарсы матч нәтижесі туралы пікірін айтты.
- Кирилл, команда күтпеген жерден «Ақсуға» жол берді. Қарсыласты жөнді бағаламадыңыздар ма?
- Кімнің жеңіске деген ниеті көбірек болса, сол жеңіске жетті. Жеңіске жететін – команда, жеңілетін – бапкер, сондықтан бұл жеңілістің бар жауапкершілігін өз мойныма аламын. Кәсіпқой футболшының матчты маңызды немесе маңызды емес деп бөлуіне, қарсыласты жөнді бағаламауына болмайды. Әр ойынға үш ұпай беріледі, әр қарсылас құрметке лайықты.
17-19 жастағы ойыншылар үшін әр матч өте маңызды болуы керек, өйткені бұл емтихан түрі, ойнау және жетістікке жету, жаңа нәрселерді үйрену, мақсаттар қою және шыңдарды бағындыру амалы. Шынымды айтсам, ойыншылар ойынға деген көзқарасын жақсартуы керек, бірақ бұл олардың таңдауы, шешімдері мен жолдары, өзіңді алдай алмайсың. Жаттықтырушылар штабы мен басшылық белгілі бір тұжырымдар жасайды, проблемалардың ауқымы айқын.
- Ойынның көрінісіне қарай, қорғаныс дұрыс жұмыс істемегені байқалды, кейіннен Болишев пен Ибрагимов ауыстырылды. Мұның себебі ойыншылардың ырғақтан қалып қоюы ма, әлде тәуекелге баруға тура келді ме?
- Ауысымдарға келер болсақ, олар тактикалық тұрғыдан жасалды.