«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Кирилл Кекер: «Гол соғатын мүмкіндіктердің көп болғанына қарамастан аз соққанымызға көңілім толмайды»
Қайрат

Кирилл Кекер: «Гол соғатын мүмкіндіктердің көп болғанына қарамастан аз соққанымызға көңілім толмайды»

15 июля 2023
/ 06:00

«Қайраттың» бас бапкері қонақта «Оқжетпесті» (1:0) жеңгені туралы:

– Барлық жанкүйер мен ойыншыларды жеңіспен құттықтаймыз! Біз үшін осы кезеңде нәтиже маңызды. Қақпамызды құрғақ ұстағанымыз қуантады. Гол соғатын мүмкіндіктердің көп болғанына қарамастан аз соққанымызға көңілім толмайды. Менің ойымша, біз одан да көп гол соғуымыз керек еді. Мен бұл стадионды керемет деп айтқым келеді, бірақ бүгінгі атмосфера онша емес болды. Бұл біздің футболды көркетпейді. Командалар өздерінің үміттері мен талаптарына сәйкес келмейтін жағдайларда ойнауға мәжбүр. Айтайын дегенім, «Оқжетпес» өз алаңында ойнамайды, жанкүйерлер жоқ. Командамызды да, «Оқжетпесті» де қолдауға келгендерге рақмет.

– Ресейлік клубтар тарапынан Ғалымжан Кенжебек пен Артур Шушеначевке деген қызығушылық бар деген ақпарат бар. Бұл туралы не дейсіз?

– Ештеңе. Қазіргі таңда Ғалымжан да, Артур да «Қайрат» футбол клубының ойыншылары. Клубқа ресми қағаз келгенде, жай қызығушылық танытып жатыр деген сөз. Барлығыңыз біздің стратегиямызды жақсы білесіздер. Біз жас ойыншыларды өсіріп, мықты чемпионаттарға жіберіп, дамытқымыз келеді. Бұл мәселеде біз кез келген ойыншымызды жіберуге дайынбыз.

– Виктор Васиннің жағдайы қандай?

– Әзірше айта алмаймын. Ол тобығын қатты ауыртып алды. Аяғын тіпті жерге баса алмай қалды. Жақын арада тексеріс жүргіземіз. Ертең қаламызға қайтқанда, бәрі анық болады. Қазір мен ештеңе айта алмаймын.

– Трансфер терезесі әлі ашық. Жаңа ойыншыларды аласыздар ма?

– Менің ойымша, бізде бұл трансфер терезесінде қандай да бір ойыншыны алуымыз екіталай. Біз «Қайрат-Жастардан» ойыншыларды тарта аламыз және тартып та жатырмыз. Мұны біз командамыздың күшеюі деп білеміз. Сырттан келетін трансферлерге келетін болсақ, бәрі мүмкін, бірақ қазіргі уақытта ешкіммен келіссөз жүргізіп жатқан жоқпыз.

– Бүгін Артур Шушеначевтің пас бере алатын жақсы сәті болды, бірақ өзі соққы жасады. Оның шабуылшы екені және гол салғысы келетіні түсінікті, алайда салдары командаға кесірі тиіп кетуі мүмкін еді.

– Біз әр ойыншымен сөйлесеміз. Міндетті түрде видео талдау жүргіземіз, біз өз пікірімізді айтамыз, Артур да өз пікірін айтады. Нақты сөйлесеміз. Бұл қалыпты жағдай. Егер бізде бар мүмкіндіктің барлығын соққанда, онда бүгін таблодағы есеп мүлде басқаша болар еді. Біздің де, «Оқжетпестің» де есебі өзгеше болушы еді. Біздің мақсат – шабуылдаушы ойыншылардың үнемі өз мүмкіндіктерін голға айналдыруын қамтамасыз ету. Бір гол өте аз. Біз көп мүмкіндік жасаймыз және орындаудың әлдеқайда жоғары болғанын қалаймыз.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»