«Қайрат Ж» командасының бас бапкері Кирилл Кекер «Ертіске» қарсы матчтың нәтижесі жайлы ойын айтты.
- Кирилл, жеңіспен құттықтаймын! Нәтиже туралы пікіріңіз қандай?
- Құттықтауыңыз үшін рахмет: ойыншыларды құттықтау қажет, олар жарады. Алғашқы 20 минутта өте сапалы футбол көрсеттік, біз соған тырысып жүрміз, бірақ солай ойнау әрқашан қолдан келе бермейді. Артынша гол соғып, ойын сәл өзгере түсті, себебі көп нәрсе қолдан келді, біз басымдықты өзімізге алып, жекелей қимылдай бастадық.
Жалпы, екі таймда да ойынды бақылауда ұстап, көп мүмкіндік жасадық. Бірақ шабуылды аяқтау сәтінде жағдайды дұрыс бағаламаған кездер болды.
- 3:0 есебі - бұл жеңіс бұрынғы матчтардан кейін команданың рухы мен сенімділігін арттырды деп айтуға бола ма?
- Біз өз күшімізге сенеміз, команданың мінезі бар. Қалай ойнау керегін, қолымыздан не келетінін және әлі де дамуымыз керек екенін білеміз. Турнир кестесіне қарап, барынша жинақы ойнауға тура келеді. Бізге жеңіс қажет болатын.