«Қайрат» бас бапкері «Каспиймен» (1:1) тең түскен ойын туралы айтты:
– Ең алдымен ойын эпизодында ауыр жарақат алып қалған Максим Плотниковке денсаулық тілеймін. Өкінішке қарай, соңғы ойындарда гол соғу қиын болып жүр. Алайда гол салатын мүмкіндіктеріміз бар. Жаттығуда соны жаттықтырамыз. Бізге шабуылдың соңғы кезеңінде салқынқанды болып, дұрыс шешім жасау жетіспейді. Эмоцияға салынып кетеміз. Енді ұлттық құрамалар ойнап, үзіліс басталады. Бірақ біз жоспар бойынша чемпионаттың қалған екі турына дайындықты жалғастырамыз. «Каспийдің» Премьер-лигаға бір жылдан кейін оралуын тілеймін.