«Қайрат» жастар командасының бас бапкері Кирилл Кекер «Оңтүстік» Академиясымен ойын жайында пікірін айтты.
– Кирилл, матч барысында жеңіліп жатып, қарсыласты 3:2 есебімен жеңдіңіздер. Жүйкені тоздыратын ойын болды ма?
- Матч қызық, тартысты және мүмкіндіктерге толы болды. «Оңтүстікпен» қарсылас болған қызық, олар футбол ойнауға тырысады.
- Бұл екі сәтсіздіктен кейінгі нағыз жеңіс болды. Психологиялық тұрғыда бұл қатты көмектесе ме?
- Жеңіске жете алмай жүргеніміз бізге қатты қысым жасады деп алмаймын. Спортқа тән ашу мен осы сәтсіздіктерге деген қанағатсыздық болды. Біздің өз философиямыз, өз стиліміз бар және бізге жеңіске жете салу емес, дұрыс жолмен ұты маңызды. Ойыншыларға рақмет – олар біздің футболды көрсетуге тырысты және матч соңында екі гол соқты. Эмоцияға келер болсақ, мұндай жеңістер қанаттандырады және өз күшіңе сенуге көмектеседі. Бізге күшті болу үшін күн сайын жұмыс істеу қажет.