«Қайрат» жастар командасының бас бапкері Кирилл Кекер «Астанаға» қарсы матч нәтижесі жайында.
- Қызық әрі жылдам өткен ойын. Екі команда матчта жеңіліп қалуы да, жеңіп кетуі де мүмкін еді. «Астанаға» қарсы ойындар маңызды саналады, сондықтан алаңда күрес пен эмоция көп болды.
Біздің командада бәсекелестік жоғары және алаңға бапкерлік штабтың пікірі бойынша кім дайын, сол шығады немесе біз ротация жасап, барлық ойыншыға ойын уақытын береміз. Данила Устименко мен Дінмұхамед Жомарт жақсы ойыншылар, бірақ оларға көп жұмыс істеп, жан-жақты даму керек.
«Астанаға» қарсы матчқа келер болсақ, Дінмұхамед өз жұмысын сапалы атқарды және өзіне міндеттелген нұсқауды орындады. Яғни, гол жіберген жоқ. Ойынды сараптап, алға жыжи беру керек.