«Қайраттың» бас бапкері «Шахтёрмен» тең түскен ойын (0:0) туралы айтты.
– Әрине, біз жеңгіміз келіп, 90 минут бойы шабуылдадық. «Шахтёр» жасаған бірде-бір сәт есімде жоқ. Өкінішке қарай, биыл біз төменгі блокта жатып алып футбол ойнаудан «бас тартатын» командаларға қарсы қиналып жүрміз. Мұндай қорғанысты бұзып-жару – өте қиын. Мүмкіндіктерімізді пайдаланып, есеп ашуымыз керек, сонда ойын мүлде басқаша болады. Бүгін қолымыздан келмеді. Жанкүйерлерге бізді қолдап, тамаша атмосфера жасағаны үшін рақмет айтамын. Оларды келесі өз алаңымыздағы ойында күтеміз.
– Ойыншыларды ауыстыру арқылы ойынды жандандырғымыз келді. Біз Левтің қапталдан агрессия қосқанын қаладық. Ткаченко да агрессия қосып жатты. Қос қаптал тиімдірек жұмыс істесін дедік. Ойынға динамика қоссын деп Антонды шығардық. Сондай-ақ Сэйфтің жеке орындаушылық дағдыларын пайдаланғымыз келді. Бірге-бір қалатын жағдайда жақсы ойнайды. Бірақ мұндай сәт аз болды.
– Негізінен көңіл бөлуімізге лайық емес адамдар туралы көп айтамыз. Білесіз бе, әлемде жақсы ойыншы болуға мүмкіндігі бар көптеген жас әрі талантты футболшылар бар. Бірақ олардың барлығы әртүрлі себептерге байланысты өз мүмкіндігін жүзеге асыра бермейді. Қазіргі құрамымыздағы ойыншыларымызбен проблема аз. Проблема футболда ғана емес, күнделікті өмірде де туындайды. Жас ойыншылар кәсіпқой болуды үйренуі керек. Кәсіпқой болу – қиын. Олардың көбі кәсіпқойлыққа қадам басқысы келмейді.
– Труфанов пен Кенжебек бір-екі күн бұрын «Жас Қыранға» қарсы ойнады. Трибунадан қарағанда олардың көзінде от жоқ сияқты болып көрінді. Мүмкін олар алдымен өздерін сол деңгейде көрсетіп алуы керек пе?