«Қайраттың» бас бапкері Кирилл Кекер OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының 5-ші турында «Жетісуға» қарсы өткен ойынға (2:3) қатысты пікір білдірді:
– Біз нашар ойнадық. Жанкүйерлерден кешірім сұрап, бізге бұлай ойнауға болмайтынын айтқым келеді. Әрқайсымыз, оның ішінде мен де, өзіміздің ішкі жан дүниемізге үңіліп, әрі қарай қандай нәтижеге қол жеткізгіміз келетінін шешуіміз керек.
– Үзілістен кейін командаға не болды? Бірінші таймда жігіттер жақсы қимылдап еді, екінші таймда алаңға елбе-делбе болып шығып, екі гол жіберіп алды.
– Қайталап айтамын, біз нашар ойнадық. Себебін анықтаймыз. Дәл қазір ештеңе айта алмаймын...
– Бірінші таймнан кейін «Жетісудың» бірнеше ойыншысында сары қағаз болды. Неліктен екінші таймда шабуылдаушы ойыншыларыңыз бірінші таймдағыдай дриблинг жасап, соны пайдаланбады?
– Бар болғаны өзіміз жасаған мүмкіндіктерде гол соғу керек еді.
– Неліктен Артур Шушеначев ауыстыруды бұлай қабылдады?
– Ауыстыруға біреудің көңілі толмауы – қалыпты жағдай. Спортшы әрқашан ойнағысы келеді.
– Қарсыластың үшінші голы соғылғанда Садыбековке қарсы айқын тәртіп бұзушылық болды деп ойламайсыз ба?
– Мен төрешілер туралы сөз қозғағым келмейді. Бұл – тек бесінші тур және қазірдің өзінде оларға қарсы шағымданып жатыр. Барлық адам қателеседі. Алаңда үш төреші бар, біреуі көмекші. Сонымен қатар VAR және AVAR төрешілері бар. Егер 8 білікті төреші фолды көрмесе, онда фол болмады деген сөз. Маған сол сәтте тәртіп бұзылмады деді.