«Қайрат» жастар командасының бас бапкері Кирилл Кекер «Астанаға» қарсы матч нәтижесі туралы пікірін айтты.
- Кирилл, сырт алаңда 3:2 есебімен ұтылды. Бұл нәтижеден соң қандай шешім қабылдауға болады?
- Біз үлкен клубтың намысын қорғаймыз, сондықтан соңғы турға дейін ойнаймыз. Бұл жағдайды өзгерту үшін әлі 18 ойын бар.
- Біздің команда сапында екі футболшымыздың алаңнан қуылуы матч қарқыны жоғары болғанын аңғарта ма?
- Біздің клубтар арасындағы матч қашан да маңызды саналады, бірақ бұл қағаздар ештеңе білдірмейді. Матч осылай өтті. Біздің бір голымызды есептемей қалған тұста және бірінші қызыл қағаз көрсетілген сәтте төрешілер бригадасына қойылар сұрақтар бар. Видеоны көрген соң да қабылданған шешімнің дұрыстығы күмән келтіреді. Жұмысты жалғастырып, алға жылжуға тырысамыз.