«Қайрат» жастар командасының бапкері Кирилл Кекер ЦСКА-ға қарсы матч жайында ойын айтты.
- Кирилл, ЦСКА-ға қарсы матчтағы тең есеп әділетті ме?
- Таблодағы есеп қашан да әділетті, бірақ екі команда да жеңіске жеткісі келді деп ойлаймын.
- Әскершілерге қарсы алдыңғы матчтармен салыстыратын болсақ, команда ойынында қандай өзгерістер бар?
- Ойындарды салыстыратын болсақ, олар бір-біріне ұқсас келеді. Біз допқа иелік етіп, басымдық таныттық, шабуылдар жасадық, қарсылас қарымта шабуылға иек артып, біздің қателігімізді пайдалана алды. Бір айырмашылығы: алғашқы матчта біз солай ойнауға мәжбүр еттік, ал екінші кездесуде олар өздері бірінші минуттан солай ойнауды жөн деп шешкен.
- Шағын үзілістен кейін команда өзін қалай сезінеді?
- Команда өзін жақсы сезінеді, ойын қарқынын сәл жоғатып алдық, бірақ бұл мәселе емес.