«Қайрат» жастар командасының бас бапкері Кирилл Кекер талдықорғандық «Жетісу Ж» командасына қарсы матч нәтижесі жайында өз пікірін айтты.
- Тең есеп біз үшін өкінішті нәтиже, қорғаныста да, шабуыл шебінде де жекелей шеберлік жетіскен жоқ.
- Команда қазір турнир кестесінде төртінші орында келе жатқанын ескерсек, «Қайрат Ж» алдында қазір қандай мақсат тұр?
- Біздің басты мақсатымыз клубтың құрылымдық бөлімдеріне білікті футболшыларды дайындап шығару, «Қайрат А» командасына, кейін бірінші командада ойнай алатын ойыншылар дайындау. Бірақ спорттық тұрғыда да қарау керек, бәріміз де қандай клубтың намысын қорғап жүргенімізді білеміз, соңғы турға дейін күресеміз. Рас, турнир кестесіндегі жағдайды ескерсек, көп нәрсе бізге байланысты емес.