«Қайрат» бас бапкері «Жетісуды» (2:1) жеңгені туралы айтты:
– Ұлттық құрама ойындарынан кейін ойнау – әрқашан қиын. Үш апта бәсеке бар матч ойнамасаң, қанша дегенмен сезіледі екен. Алматыдан бізді қолдап келген жанкүйерлер мен клуб қызметкерлеріне алғысымыз шексіз. Бірінші ойындағы жеңілістен кейін бүгін жеңу керек болды. Ол да қолымыздан келді.