«Қайраттың» бас бапкері Кирилл Кекер Қазақстан OLIMPBET-Кубогының 1/4 финалының «Атырауға» қарсы ойынына (1:2) қатысты пікір білдірді:
– Өкінішке қарай, біз Кубоктан шығып қалып, жорығымызды аяқтадық. Біз бұл жеңілісті мойындап, дұрыс қорытынды жасауымыз керек. Енді құрамалар ойнайтын кез. Ал сол уақыт бізге жақсы әсер етеді.