«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Кирилл Кекер: «Қазақстан осында келген адамдардың жүрегінде мәңгі қалады»
Қайрат

Кирилл Кекер: «Қазақстан осында келген адамдардың жүрегінде мәңгі қалады»

14 октября 2023
/ 06:00

«Қайрат» бас бапкері «Зенитпен» болған жолдастық кездесуде (2:2) тең ойнағаны туралы айтты.

– Ең алдымен, ойынға келіп, бізді қолдаған жанкүйерлерге көп рақмет айтқым келеді. Супер атмосфера! Келесі аптада атмосфера бүгінгідей жақсы болса екен. «Зенитпен» ынтымақтастық орнатқанымыз өте жақсы болды. Мұндай командалармен ойнауға мүмкіндігіміз бар. Бұл біз үшін тамаша матч болды. Бізде осындай мүмкіндік болғанына өте қуаныштымыз.

– Бірінші таймда басымдық біздің команда жағында болды. Бірақ екінші таймда қарсылас бразилиялықтарды шығарып, қонақтар басым бола түсті. «Зениттің» «Қайраттан» қай жері артық?

– «Зенит» соңғы бес жылдағы Ресей чемпионы. Футболшылардың жеке орындаушылық шеберлігі өте жоғары деңгейде. Біз мұндай командалармен сирек ойнаймыз. Бұл – тамаша тәжірибе. Мен ойын алдында жігіттерге бұл матчта ұтылатын ештеңеміз жоқ дедім. Сондықтан, жоспарда батыл, агрессивті түрде өз ойынымызды ойнап, жақсы жақтарымызды көрсету болды. Байқасаңыз, солай ойнауға тырыстық. Бәрі ойдағыдай бола бермейтіні анық, сондықтан көп жұмыс істеуіміз керек. Сонымен қатар бүгін бірнеше ойыншы негізгі командада дебют жасады. Түлектеріміздің дамуы жайлы тағы айтамын. Мұндай ойында да жаңа ойыншыларды шығаруды қорықпай, Рамазан Каримовті бастапқы құрамға қостық. Біз ойыншыларымызға сенеміз.

– Рамазан Каримовтің дебютін қалай бағалайсыз?

– Жас футболшылардың ойынын бағаламаймын. Біз олар туралы көп жақсы сөз айтамыз, сосын олар оны қабылдайды. Бүгін олар өздерін Ресейдегі ең үздік футболшылармен салыстырды. Олардың әрқайсысы өз деңгейін көрді.

– «Қайрат» соңғы кездері стандартты жағдайларда тиімді ойнап жүр. Мұны қалай түсіндіре аласыз?

– Білесіз бе, әрбір тепкен соққы, голға айналатын кездер болады. Бізде де әр стандарттан салып жүрген уақыт болды. Биыл, өкінішке қарай, гол аз соқтық, сонымен қатар артық гол жіберіп алдық. Бос қақпаға, қақпашы алаңында соға алмаған мүмкіндіктер болды. Стандартты бізге нәтижеге жетуге көмектесетін компоненттердің бірі деп есептеймін. Айып доптарынан соғып жатқанымыз – қалыпты жағдай. Біз жұмыс істеп жүрміз. Стандарттан соққан голдарымыз көп болғанын қалаймын.

– Матч басталар алдында Анатолий Тимощукпен не туралы сөйлестіңіз?

– Анатолий осында ойнады. Енді «Орталыққа» оралды. Мен одан атмосфераға қалай, қандай сезімдесің деп сұрадым. Ол ойнап жүргенде мен академияда жұмыс істейтінмін, кейде кездесіп қалатынбыз. 2021 жылы мен «Зенитте» тағылымдамадан өттім, сондықтан біз тығыз араласамыз. Сол Аршавин де осында ойнаған. «Зенитте» де, «Қайратта» да өнер көрсеткен Евгений Тарасов та бар. Қазақстан осында келген адамдардың жүрегінде мәңгі қалады.

– Ойынға қойған барлық тапсырманы орындай алдыңыздар ба?

– Нақты тапсырма болған жоқ. Біз осындай қарсыласпен ойнап, қандай деңгейде екенімізді көргіміз келді. Көптеген жақсы мүмкіндігіміз болды. Ойыншыларға жеке тапсырма қойылды. Кейбіреуі орындай алды, кейбіреуінің қолынан келмеді. Кейбіреуі біз ойлағаннан жақсы ойнады.

– Чемпионаттың аяқталуына екі ойын қалды. Төртінші орында қалу үшін не істеу қажет? Келесі жылға қандай жоспарыңыз бар?

– Әзірге келесі жыл туралы айтпай-ақ қояйық. «Ақсумен» өз алаңымыздағы ойын мен қонақтағы «Атырауға» қарсы матчымыз бар. Кез келген ойынға жеңіс үшін ойнайтындай, алдағы екі ойында да жеңгіміз келеді.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»