«Қайрат Ж» бас бапкері Кирилл Кекер ЦСКА-ға қарсы матчтың нәтижесі жайында ойын айтты.
- Кирилл, минималды есеппен жол бердік – 1:0. Бұл матчта команданың қолынан не келмеді?
- Біз «Қайрат Ж» командасының ойыншыларын жаттықтыруға мүмкіндік алғанымызға қуаныштымыз. Олар жарады және әр сәтсіздік оларды мықты қыла түседі. Айып соққысынан қажетті емес гол жіберіп алдық, алаң сапасының нашар болғанына қарамастан, комбинациялық футбол ойнауға тырыстық. Қысқа орташа пастармен ойнап, қарсылас қақпасына қысым жасауға тырыстық. Бірақ, өкінішке қарай, гол соға алмадық. Екі доп салған едік, бірақ есепке алған жоқ. Ол жерлерде офсайд болған-болмағанын видеодан қарау қажет. Егер болмаса, төрешілерге айтылар сын бар.
- Қалай ойлайсыз, бұл сәтсіздік турнир кестесіне әсер ете ме? Біз негізгі бәсекелесімізге жол бердік.
- Әрине, сер етеді. Біреу жеңеді, біреу жеңіледі: турнир кестесінде бұл өзгеріске алып келеді. Тағы да қайталайын, біздің басты бәсекелесіміз – өзіміз. Бәрі тек өзімізге байланысты. Алда әлі 20 ойын бар.
- Енді 27 шілдеге дейін аз уақыт үзіліс бар: осы уақыт арасында команда немен айналысады?
- Үзілісті жемісті пайдалану қажет: ойыншыларға бес күн демалыс бердік, артынша жиналып, біріншіліктің екінші айналымына дайындаламыз. Ал бапкерлік штабта осы жағдайды сараптайтын уақыт бар.