«Қайрат» бас бапкері «Ақтөбеден» сырт алаңда жеңіліс тапқаны туралы айтты (2:4):
– «Қайрат» пен «Ақтөбе» ойыны – Қазақстан футболындағы ең үздік текетірес. Алматыда да, осында да тамаша атмосфера болды. Мұндай матчтарда жеңіске жету үшін қорғаныста өрескел қате жібермеу керек, сонымен қатар өз мүмкіндігімізді пайдалануымыз қажет.
– Стадиондағы көгалдың сапасы қалай?
– Алаңның жағдайы былтырғымен салыстырғанда әлдеқайда жақсы. Алаңдағы жағдай бәріне бірдей.
– Офри Арад пен Виктор Васин орталық қорғаушылар қаншалықты жетіспеді?
– Бұл туралы айтпай-ақ қояйын. Ойнауға дайын жігіттер шықты. Байқасаңыз, бұрынғы ойындармен салыстырғанда өте жас құрам ойнады.
– Ақтөбеге «Қайрат» жанкүйерлері келді. Олардың қолдауы командаға қалай әсер етті?
– Әрине, өте қуаныштымыз. Өкінішке қарай, оларды қуанта алмадық. Олар ұзақ жол жүріп келді. Біз олардың қолдауын естіп, сезіндік. Жанкүйерлердің бізді Алматыда ғана емес, қонақта, әсіресе Ақтөбеде де қолдағаны өте қуанышты.