«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Кирилл Кекер: «Агрессия мен динамика қосу үшін ойыншыларды ауыстырдық»
Қайрат

Кирилл Кекер: «Агрессия мен динамика қосу үшін ойыншыларды ауыстырдық»

28 августа 2023
/ 06:00

«Қайрат» бас бапкері «Астананы» жеңгені туралы айтты (1:0).

– Жақында Қайрат Советайұлы туралы жаңалық шықты. Жағдайы түзеліп, күтіп отырған отбасына оралады деп сенеміз. Бұл «Қайрат» футбол клубына да қатысты. Сонымен қатар маңызды оқиға болды: Еркебұлан Сейдахмет сүйіктісіне сөз салды. Мен оны құттықтаймын. Соңғы бір жылда жасаған әрекеттері оған оң әсер етті. Осымен тоқтап қалмасын деп тілеймін.

– Сейдахметті Ткаченкоға ауыстыру жоспарда болды ма, әлде жарақат алуына байланысты ма?

– Иә, жарақатына байланысты. Ол ыңғайсыз құлап, қолын жарақаттап алды. Ойнаймын деген зор ынтасы болмаса, Еркебұланды 10-минутта-ақ алмастыруға болатын еді. Ол бізге дайын екенін және ойынды жалғастырғысы келетінін көрсетті. Оның жарақатының қаншалықты ауыр екенін білмейміз. Тексерістен өтеді. Оның қолы сынған болуы мүмкін.

– Негізгі уақытқа бес минут қосқанда қандай әсерде болдыңыз?

– Жеңгенімізді қатты қаладым. Ұту керек болды. «Ордабасыға» қарсы ойынның соңында жіберген қарапайым қатеге жол бермеу үшін жігіттердің соңғы минуттарда біршама жинақы, байсалды ойнағанын қаладым. Футболшыларға шаршағанына қарамастан ойын ішінде бір-бірін қолдауға кеңес бердік.

– Бұл ойында шабуылшыларды ерте ауыстырдыңыз. Олар кездесу барысын өзгертті деп айта аласыз ба?

– Жаттығуда және матч барысында көргенімізге сүйене отырып ауыстыру жасаймыз. Қосалқы құрамнан шыққан ойыншылар ойынды жандандырды, күш қосты. Алмасып шыққан ойыншылардың ойынды алғашқы минуттан бастаған ойыншылардан да жақсырақ ойнағанын қалаймыз. Агрессия мен динамика қосу үшін ойыншыларды ауыстырдық.

– Артур Шушеначев қыркүйек айында болатын Қазақстан құрамасының ойындарына шақырылған жоқ. Оның қазіргі эмоциясы қандай?

– Бұл сұрақты Артурдың өзіне қойған дұрыс. Ойыншыларымыздың ұлттық құрамаға шақырылғанын қалайтынымыз анық. Вячеслав Швырев Ұлттық құрамаға шақырту алды. Жігіттер жұмыс істеп жатыр. Қазақстан құрамасының бапкерлік штабы өздеріне қажет деп санайтын ойыншыларды өздері таңдайды. Бұл қалыпты тәжірибе. Біздің ойыншыларға көп жұмыс істеу керек деген сөз.

Текст: KazFootball.kz

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»