Ойын «Қайрат» ФК базасында жабық форматта өтті. Қазақстан U-21 құрамасы 2:0 есебімен жеңіске жетті. Екі голды да «Қайрат» ойыншылары – Александр Широбоков пен Ян Труфанов соқты.
Олардан бөлек жастар құрамасында Лев Кургин, Егор Ткаченко, Александр Мрынский, Никита Пивкин, Султан Аскаров сияқты басқа да «қайраттықтар» ойнады.
Бүгін «Қайрат-Жастар» сапында негізінен 2006-2008 жылғы футболшылар шығып, жасы үлкен қарсыластарымен жақсы бәсекелесті.