9-14 қазан аралығында Алматы қаласындағы Е.А. Пехлеваниди атындағы Академияда 2008-2009 жылы туған қыздар арасындағы Қазақстан чемпионатының финалдық кезеңі өтті.
«Сары-қаралардың» ойындарының нәтижелері:
«Қайрат» – ОРМБЖСМ №8 – 3:1
«Қайрат» – «Астана» – 1:0
«Қайрат» – «Ордабасы» – 0:3
Жүлдегерлердің қорытынды орындары:
«Ордабасы» (Шымкент) – 1 орын;
«Қайрат» (Алматы) – 2 орын;
ОРМБЖСМ №8 (Астана) – 3 орын.
Оған қоса, «Қайрат» WU-17 ойыншылары келесі номинацияларда жеңімпаз атанды:
Жания Махаш («Қайрат») – үздік жартылай қорғаушы;
Ангелина Кленова («Қайрат») – үздік шабуылшы;
Сюзанна Корнецова, Алина Овчинникова мен Мария Яловадан құралған бапкерлік штабты, ойыншыларды, административті және медициналық штабты осы нәтижемен құтықтаймыз!