«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» W U-17 «Жұлдыз» республикалық турниріне қатысады
Академия жаңалықтары

«Қайрат» W U-17 «Жұлдыз» республикалық турниріне қатысады

29 февраля 2024
/ 14:30

Әйелдер командалары арасында алғаш рет өтіп жатқан жарысқа Қазақстанның 10 клубы, футбол орталықтары мен академиялары қатысады. Олар «А» және «Б» болып 2 топқа бөлінеді.

Топ жеңімпаздары финалда ойнаса, екінші орын алған екі команда үшінші орын үшін таласады.

Турнир Алматы қаласында 2024 жылғы 29 ақпан мен 9 наурыз аралығында болады. Барлық матч Сәтбаев, 6Б мекенжайындағы «ЦСКА» стадионында өтеді.

Қыздарымыз «Б» тобында ойнайды. «Ордабасы», «Ақтөбе», «Ақсу» мен «Тараз» командаларымен кездесеміз.

Матчтарымыздың күнтізбесін ұсынамыз:

1 наурыз, 12:00 | «Қайрат» – «Ордабасы»
2 наурыз, 12:00 | «Қайрат» – «Тараз»
5 наурыз, 12:00 | «Қайрат» – «Ақтөбе»
7 наурыз, 12:00 | «Қайрат» – «Ақсу»

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»