10-15 қыркүйек аралығында Алматы қаласында 2011 жылғы балалар арасындағы Қазақстан чемпионатының финалдық кезеңі өтті.
Командамыз үш матч өткізді. «Шахтёр» (3:0) мен «Астананы» (3:0) жеңіп, «Alash-РКС» командасынан (0:1) минималды есеп бойынша есе жіберді.
Жүлдегерлердің қорытынды орындары:
1. «Қайрат» (Алматы)
2. Alash-РКС (Алматы)
3. «Астана» (Астана)
Сондай-ақ балаларымыз әртүрлі номинацияда жеңімпаз атанды:
Үздік қақпашы – Синан Туран
Үздік ойыншы – Амир Алдаров
Вячеслав Соболев пен Андрей Чумаков бастаған ойыншылар мен бапкерлер штабын құттықтаймыз! Біз сіздерді мақтан тұтамыз!