20 жастағы қақпашымен жасалған жаңа келісім 2026 жылдың соңына дейін есептелген.
Биыл Темірлан «Қайрат-Жастар» қақпасын қорғады.
Ол – Қазақстан жастар құрамасының да негізгі қақпашысы.
«Қайрат» футбол клубы Темірланды жаңа келісімшартқа отырғанымен құттықтап, оған зор денсаулық, үлкен жетістіктерге жете беруін тілейді!