«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Каспийлік жетістік
Академия жаңалықтары

Каспийлік жетістік

11 мая 2018
/ 00:00

«Қайраттың» тәрбиеленушілері халықаралық турнирге қатысып жатыр.

«Қайрат» ФК Академиясының жас футболшылары U-14 командалары арасындағы «Caspian Cup» екінші халықаралық турнирінде бақ сынайды. Алматылықтардан бөлек, жарысқа «Анжи», «Волгарь», «Краснодар», «Ростов», «Рамзан», «Рубин» және «Динамо» (Минск) командалары қатысады.

Бүгінгі күннің қорытындысы бойынша, турнирдің топтық кезеңі мәресіне жетті. Қазақстандық жасөспірімдер өз тобында бірінші орын алды. Топтағы алғашқы матчында «Қайрат» турнир қожайыны «Анжиді» жеңді – 0:2. Артынша қайраттықтар «Рубинмен» тең тарқасты – 1:1. Ал соңғы матчында «Ростовтан» (2:0) айласын асырды.

Алматылық тәрбиеленушілерді алда жартылай финал матчы күтіп тұр, бұл сында олар ресейлік «Краснодармен» кездеседі. Турнир туралы жаңалықтарды «Қайрат» футбол клубының ресми сайтынан оқи аласыздар. Біздің жігіттерге сәттілік!

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»