«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Карпатымен» тең түстік
Қайрат

«Карпатымен» тең түстік

16 февраля 2019
/ 00:00

«Қайрат»  -  «Карпаты» 1:1

Голдар: Эсеола (51'), Слива (71')

«Қайрат»: Стас Покатилов (Қ) – Ян Вороговский, Раде Дугалич, Нұралы Әліп, Сергей Кейлер - Хан Чжон Ву, Исламбек Қуат (К), Рамазан Оразов, Конрад Вржещиньский - Вячеслав Швырев, Адеринсола Эсеола.

Резерв: Данил Устименко (Қ) - Александр Соколенко, Ғафуржан Сүйімбаев, Елдос Ахметов, Георгий Жуков, Рифат Нұрмұғамет, Магомед Парагульгов - Мартон Эппель.

«Карпаты»: Максим Кучинский (Қ) – Ади Мегермич, Ника Сандахадзе, Папа Гуйе, Сергей Мякушко - Мартин Онгла, Сергей Кльотс, Алексей Гуцуляк, Кристиан Понде – Марьян Швед, Абдул Карим Йода.

Резерв: Антон Задерейко (Қ) - Алексей Ковтун, Роман Слива, Роман Толочко, Роман Дебелко, Джонатан Бедойя - Остап Притула, Родриго Варгас.

«Қайраттың» түркиялық жиындағы төртінші жолдастық матчы тең есеппен аяқталды. Ойын барысын бақылауда ұстаған алматылықтар матчтың 51-минутында есеп ашты – Адеринсола Эсеола шабуылда табысты ойнады. Өкінішке қарай, шабуылын күшейткен «Карпаты» қарымта гол соғып кетті. 71-минутта Даинл Устименко қақпасына Роман Слива дәл соққы жасады.

Львовтік клубқа қарсы ойын «Қайраттың» шабуылымен басталды. «Сары-қаралар» қапталдағы ойыншылардың жылдамдығын пайдаланған: Конрад Вржешиньский мен Хан Чжон Ву украиналық қарсыластардан сытылып өтіп, Эсеолаға пас асыру мүмкіндігін іздеді. Шабуылдағы әріптестерін Вячаслав Швырев те белсенді қолдаумен болды. Қайраттықтардың жылдам шабуылдарына үлгере алмай жатқан «Карпаты» көбіне допты алаңнан шығарып тастады немесе ойын тәртібін бұзды. Осындай кезекті фолдан кейінгі стандарттық жағдайд есте қалды – Раде Дугалич жойқын соққы жасаған. Алайда оның соққысын голкипер алып шықты. Қарсылас қақпасының маңында Эсеола белсенді болды, ол қарсыластың тәжірибелі қорғаушыларына маза берген жоқ. 30 минуттан соң «Қайраттың» ойындағы басымдығы анық байқалды.  Алайда, бірінші таймның аяғында «ақ-жасылдар» қауіпті шабуыл ұйымдастыра алды. Жақында «Селтикпен» келісімшартқа отырып, «Карпаты» сапында жалда ойнауға қалған Марьян Швед бағыттаған доп Стас Покатилов қақпасының бағанасына тиді.

Үзілістен кейін «Қайраттың» бапкері лексей Шпилевский алаңға тың ойыншыларды жіберді. Қорғаныста жарақатынан айыққан Елдос Ахметов шықты. Ал қапталда Александр Соколенко мен Ғафуржан Сүйімбаев ойнады. Оның үстіне, үшінші форвард ретінде алаңға Мартон Эппель шықты. Шабуылды күшейту бойынша жоспар екінші таймның алтыншы минутында өз жемісін берді. Адеринсола Эсеола допты Георгий Жуковқа қалдырған, соңғысын бірден екі қорғаушы жабуға аттанғанда, доп қайраттық шабуылшыға қайтып келді. Эсеола мүлт кеткен жоқ – 1:0!

Гол жіберіп алған «Карпаты» да құрамды өзгерте бастады. Номиналды қонақтардың бапкері Фабри Гонсалес Роман Слива, Роман Толочко, Роман Дебелко мен Родриго Варгасты алаңға шығарды. Жылдам ойыншылар шыққан соң 4-7 минут бойы львовтік команда бірінші нөмірмен ойнады. Өкінішке қарай, қарымта гол соғу үшін осы уақыт та жеткілікті болды. Алдымен Дебельконың соққысы қақпадан биік кетсе, кейін Слива өз  командасының алғашқы голын салды.

Қайраттықтар соңғы ысқырыққа дейінгі уақытта жеңісті жұлып әкетуге тырысқан. Қауіпті үш шабуыл ұйымдастырып үлгерді. Оның біріншісінде Эсеола дубль жасауы мүмкін еді, бірақ оның баспен жасаған соққысы маңдайшадан биік кетті. Кейін Мартон Эппельде мүмкіндік болды – ол да мүлт кетті. Вячеслав Швырев қарсылас қақпашысының қателігін ұтымды пайдалануға жақын болған, бірақ ол қақпаға дәл соққы жасай алмады. Бар ойы шабуылда болған Алексей Шпилевский шәкірттері қорғанысты ұмытып, Варгас біздің қақпашымен бірге-бір шыққан. Алайда Устименко қақпадан уқытында шығып, соққыны кері қайтарды.

Матч қорытындысы – 1:1. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»